Saturday, 23 November,2024

Жақынын соққыға жыққан Тұрлыханов 10 тәулікке қамалуы мүмкін

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Рахат Тұрлыханов жақынына қол жұмсады деген күдікпен сотқа тартылды. Әзірге оның нақты кімді соққыға жыққаны белгісіз, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында жазды. Онда Рахат Тұрлыхановтың үстінен ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-1-бөлігі, яғни "отбасылық-тұрмыстық қатынастағы адамның денсаулығына жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша іс қозғалғаны айтылған. Айта кетейік, бұл бап бойынша ол 10 тәулікке қамалуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Рахат Тұрлыханов әйелін ұрды деп айыпталған болатын. Бірақ жұбайының кешірімінен кейін іс қысқартылған еді.

Ұсынылатын