Thursday, 19 September,2024

Зардап шеккендер бар: Шымкентте түнгі клубта жаппай төбелес болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде 60 адамның қатысуымен жаппай төбелес болды. Соның салдарынан бір адам пышақ жарақатын алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Шымкент ПД мәліметінше, төбелес түнгі сағат 02:00 шамасында Pandora түнгі клубында болған.

Келушілер арасындағы кикіжің төбелеске ұласып, салдарынан бір адам пышақ жарақатын алған. Полицияға 60-қа жуық адам жеткізіліп, барлығынан жауап алынды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген Полиция департаментінің ресми хабарламасында.

Ұсынылатын