Зардап шеккендер бар: Таразда жарылыс болды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Тараздағы фосфор зауытында жарылыс болды. Соның салдарынан екі жұмысшы күйіп қалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 3 тамызда сағат 11.30-да болған.
"Фосфор зауыты" ЖШС қоймасының аумағында резервуар-контейнерден сары фосфор алынды, салдарынан екі азамат - 1991 жылғы Орманов Д.Ж. және 1997 жылғы Қалдыбай Ш. Е. зардап шекті. Зардап шеккендер Тараз қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілді, онда оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.