Жаркентте ит адамды талап өлтірді
Uaqyt.info
Фото pixabay
Жаркентте ит ер адамды талап өлтірді. 54 жастағы марқұмның денесі қала көшелерінің бірінен табылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жетісу облыстық ПД мәліметінше, 54 жастағы ер адамды ит талап өлтіру мүмкін. Бұл дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
“Жақын маңдағы жер үйде күшіктеген питбуль тұқымды ит анықталып, оның денесінде қан тәрізді қоңыр дақтар болды. Итті уақытша ұйықтатып тастады. Ер адамның ажалы шынымен де ит қапқаннан кейін болған-болмағаны анықталып жатыр”, - делінген ақпаратта.