Жарқанат және балалар
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Атыраудағы №48 «Родничок» балабақшасында жарқанаттар жүр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Көп адам жақтыра бермейтін жәндіктер туралы ата-аналар әлеуметтік желіге жариялап, наразылықтарын білдірген еді.
Атыраудағы балабақшаның директоры Лира Досалиева ғимарат өте ескі екенін айтты.
“Ата-аналардың шағымынан кейін қалалық білім бөліміне хат жолдадық. Дезинфекцияны конкурсты жеңген жеке компания жүргізеді. Өткен демалыс күндері олар жарқанаттар табылған жертөледе залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Содан кейін басқа бөлмелер өңделді. Дүйсенбі күні балабақша жабылды, біздің қызметкерлер бөлмелерді тазалады. Біз міндетті түрде дезинфекцияны күшейтеміз”, – деді Лира Досалиева.