Saturday, 23 November,2024

Жарылыс болған Риддер қаласында төтенше жағдай жарияланды

Uaqyt.info
Фото

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұған қазандықтың жарылуы себеп, деп хабарлайды Уақыт.кз.

Естеріңізге сала кетейік, 21 наурызда Риддердегі жылу электр орталығында өрт шығып, қала тұрғындары жылусыз қалған болатын. Соған байланысты жылыту маусымы аяқталғанға дейін өрт сөндірушілер кезекшілік ететіні хабарланған-ды.

Алайда 23 наурызда дәл сол орталықтан тағы да ақау шығып, жарылыс болды. Соған байланысты  Риддерде өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

«Жылу электр орталығының жұмысында үлкен кемшіліктер бар. Оның жаңа иесі «RNGK» компаниясы қаңтардан бастап ешқандай жұмыс жүргізбеген. Өткен кезеңде үш миллиард теңгеден астам берешек қалыптасты, мазут, көмір, электр энергиясын жеткізуде олқылықтар болды. Сонымен қатар қараша айынан бастап шұғыл жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген компанияларға еңбекақы төлеу әлі кешіктіріліп жатыр», - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Даниал Ахметов сондай-ақ жылыту маусымының соңына дейін ЖЭО-ның жұмысын бақылауды әкімдік жіті назарда ұстайтынын жеткізді.

Ұсынылатын