Sunday, 8 September,2024

Жарықсыз қалған Қонаев тұрғындары жолды жауып тастады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Жарықсыз қалған Қонаев қаоасының тұрғындары жолды жауып тастады. Наразылық танытқандарға әкімдік жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қала тұрғындарының жолды жауып тастаған видеосы ғаламторда тарады. Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиналған жұрттың алдына Қонаев әкімінің орынбасары Марлан Жолдахмет келіп, жағдайды былай түсіндірген.

“Кооператив басшылығы сенімсіз тұрғындарға сілтеме жасай отырып, қызмет көрсетушіге – «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-на 32 млн теңгеден астам қарыз болды. Бұл сома ай сайын өсіп жатыр. Жасалған төлемдер кестесі уақытылы және толық емес орындалғандықтан, осы жылдың 24 шілдесінде саяжай кооперативі электр қуатынан ажыратылды. Қарыз салдарынан электр энергиясын ажыратқаннан кейін қала әкімі Н.Құматаевтың шешімімен тұрғындармен және саяжай кооперативінің басшылығымен кездесу үшін қала әкімінің орынбасары М.Жолдахмет жіберілді. Ол сол жерде жағдайды ескере отырып, төлем кестесі жасалғанын, оған сәйкес төлем жасалуы керек екенін түсіндірді. Сонымен қатар кооператив қызметкерлері мен бақылаушыларға сенімсіз тұтынушылармен жұмыс істеуге көмектесетін тұрғындар қатарынан бастамашыл топ құру ұсынылды. Қажет болған жағдайда учаскелік инспектор тартылатын болады”, - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Әкімдік өкілдері мәселенің алдағы уақытта шешілетінін айтып сендірді.

“Алдағы уақытта нысандар «Алатау Жарық компаниясы» балансына берілетін болады. Тұрғындардың әрқайсысымен дербес шарт жасалады, ал төлем бірыңғай бекітілген тариф бойынша жүргізілетін болады. Қазір электр энергиясын беру уақытша қалпына келтірілді. Кооператив басшылығы энергия беруші компания алдындағы берешекті өтеу жөнінде шара қабылдап жатыр”, - деп сендірді әкімдіктен.

 

Ұсынылатын