Жас кәсіпкерлерге арналған көмек
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Жас кәсіпкерлер үшін тамаша мүмкіндік. Егер сіздің жасыңыз 21-35 жас аралығында болса, қайтарымды қаржылай көмек алуға болады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
1 мамырдан бастап ASSYLTAS BUSINESS HELP жобасына өтінімдер қабылданады. Жас кәсіпкерлер 5 000 000 теңгеге дейін қаржылай көмек ала алады. Кәсібін дамытуға ниет еткен жастар бірнеше бағыт бойынша бақтарын сынай алады.
Қандай жобаларға басымдық беріледі?
— салауатты өмір салтын қалыптастыру;
— өндіріс;
— қазақ тілін дамыту жобалары;
— мобильді қосымшалар;
— ұлттық өнер.
Өтінімдер 1 мамыр мен 1 маусым аралығында қабылданады. Жеңімпаз 10 маусым күні анықталады. Айта кетейік, былтыр осы жоба аясында 14 адам бизнесін дамытуға қаржылай көмек алған болатын.