Жас түлектердің төбелесі көптің төбе шашын тік тұрғызды
Uaqyt.info
Фото видеодан кадр
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында түлектер арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Онда мектеп бітіріп жатқан түлектердің бір-бірімен жаға жыртысып жатқанын көруге болады. Полиция жаппай төбелестің болғанын растады. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.