“Жас жігітке тиіп ал”. Ерке Есмахан кәрі қыздарға кеңес берді
Танымал әнші Ерке Есмахан оқырмандар тарапынан түскен сұрақтарға жауап беріп, өзінің пікірін үнемі ашық айтып жүреді. Мәселен, ол “Жасым 45-те. Бірақ сіз сияқты жас жігітке тұрмысқа шықпас едім. Маған үлкен жігіттер ұнайды” деген желі қолданушысының сауалына былай деп жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Суретіңізді шығарып қатты ренжітпей-ақ қояйын. Бірақ парақшаңызды қарап келдім. Жас жігіттер сізге жол бермей, үйленейік, алып қашам, сүйдім-күйдім деп жатқан жоқ-ау. Егер солай айтып жатса, үлкенді күтпей тиіп алыңыз. Жалғыз болып отыра бермеңіз. Негізі, әлі жас айырмашылықты сөз ететіндерді түсінбеймін. Өмірде қаншама қорқынышты нәрселер болып жатыр. Маңыздысы жас емес, махаббат екенін әлі түсінбейсіздер”, – деді әнші.
Айта кетейік, Ерке Есмахан өзінен кіші жігіттің етегінен ұстаған болатын. Райм мен Еркенің қазір ортақ некеден балалары бар.