Sunday, 24 November,2024

Жастар отбасы болуды ұмытты ма? Соңғы он жылда неке құрғандар саны 30 пайызға қысқарған

Алмас Абылай
Фото egov.kz

Елімізде отбасы құратындар қатары соңғы жылдары азайып барады. Тіпті соңғы он жылда некелесу 30 пайызға қысқарған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2012 жылмен салыстырғанда 2022 жылы тіркелген некелер саны 164 мыңнан 128 мыңға дейін азайыпты. Тиісінше, некелесу коэффициенті де төмендеді. Егер 2012 жылы 1000 адамға 9,81 жұптан келсе, 2022 жылы — 6,54 жұп.

Өңірлер бөлінісінде қарасақ, тұрғындар арасындағы некелесудің ең жоғары коэффициенті Астанада тіркелді, 1000 адамға 8 жұп. Ең төменгі коэффициент Ақмола мен Абай облыстарында — 6,1.

Ерлер үшін некеге тұрудың орташа жасы (алғашқы неке) 28 жас, әйелдер үшін — 25,2 жас.

Ұсынылатын