- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Жастарға не көрінді: Аялдаманың есігін теуіп сындырған жасөспірім іздестіріліп жатыр
Жастарға не көрінді: Аялдаманың есігін теуіп сындырған жасөспірім іздестіріліп жатыр
Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында жасөспірім аялдаманың есігін теуіп, әйнегін шағып кетті. Вандалды полиция іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жас жігіттің әрекеті әлеуметтік желіде тарады. Онда жасөспірім қоғамдық көлік аялдамасының есігін сындырып жатыр. Ал оның досы теуіп жатқан сәтін видеоға түсіріп алған.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаның Мұнайлы ауданында болғанын мәлімдеді. Қазір вандалдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.