Monday, 13 May,2024

“Жасым 40-та, арақ ішпеймін”. Ерсі биімен аты шыққан қыздың арманы не?

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Әлеуметтік желіде басын айналдырып, жер тепкілеп билейтін Сәуле Тоқпақбаеваның танымалдылығы күн санап артып келеді. TikTok жұлдызы тіпті тойға шығып, табысқа кенеле бастаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ескерту: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

TikTok-тың жұлдызына айналған Сәуле Тоқпақбаева Текелінің тумасы. Қазір Талдықорғанда тұрады. Ол ерекше биінің арқасында көптің көзайымына айналып үлгерген блогер. Басын шыр айналдырып билейтін қыз TikTok-қа кездейсоқ келгенін айтады.

“TikTok әлеуметтік желісіне 8 ай бұрын тіркелдім. Енді елдің барлығы кіріп жатқан соң көрейін дедім. Архивте жатқан видеоларымды жүктеп едім, бірден 20-30 мың қаралым жинады. Былайша айтқанда, менің биім елге қызық болды. Шүкір, 40 мың оқырманым бар. Мен билегенде музыканың ішіне кіріп кетемін, барлық дүниені ұмытамын. Бір сөзбен айтқанда, билегеннен ләззат аламын, - деді Сәуле Тоқпақбаева.

40 жастағы Сәуле Тоқпақбаева тұрмысқа шықпаған екен. Сөз байласып жүрген жігітім де жоқ дейді. Оның бар мақсаты – жұлдыз болу.  

Арманым – жұлдыз болу. Тойға шыққым келеді. Ондағы мақсатым – тойда отырған халықтың көңілін көтеру. Өз басым кез келген отырыстың гүлімін. Барған жерді жандырып жіберемін. Қазір ара-тұра тапсырыстар болып жатыр. Шақырған жерге 50 мың теңгеге барамын. Жолымды төлеп берсе болды, Қазақстанның кез келген жерінде билеп беруге дайынмын. Ал құттықтауларды 5 мың теңгеге жазып жүрмін, - дейді биші қыз.

Биші қыз TikTok-қа келмес бұрын асханада бас аспаз болып жұмыс істепті. Бірақ бұрынғы жұмысынан жан рахатын сезінбедім дейді. Ал қазіргі тірлігіне өзі дән ырза болғанымен, жаман пікір жазатындар көп екен.

“Хейтерлер түрлі нәрсе жазып жатады. Бірақ олардың пікірі мен үшін қызық емес. Мен өзімнің қандай адам екенімді білемін. Жүрегімде иманым бар адаммын. Арақ ішпеймін, темекі тартпаймын. Істеп жүрген тірлігім өзіме ұнайды. Қалғаны қызық емес. Мен секілді Қазақстанда билейтін адам жоқ, - деді Сәуле.

@sauleshka83 #ТикТокзвезда ♬ оригинальный звук - Сауле Токпакбаева

Ұсынылатын