- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Жасына жетпей жүкті болған: Жетісу облысында үш оқушы қызға қатысты тергеу басталды
Жасына жетпей жүкті болған: Жетісу облысында үш оқушы қызға қатысты тергеу басталды
Uaqyt.info
Фото pixabay
Текелі, Сарқан және Үшарал қалаларында оқитын 9-шы және 10-шы сыныптың үш оқушысы жасына жетпей жүкті болып қалды, Uaqyt.info.
31 арнаның хабарлауынша, екі қыз жүктіліктің 3-ші айында болса да, мектепке сабаққа барып жүр екен. Ал Текелідегі 10 сынып оқушысы түсік жасатып, баласын алдыртып тастапты. Мектеп директорының айтуынша, осы дерекке қатысты полиция тергеу амалдарын бастаған.
Ал Жетісу облыстық білім басқармасының мамандары екіқабат болса да мектепке келіп жүрген екі қызға қолдан келетін шара жоқ деп отыр. Өйткені баланы алдыруға үгіттеуге ешкімнің құқығы жоқ. Сондықтан олар әр ата-ана өз баласы үшін жауап беруі керек дегеннен арыға бара алмай отыр.