- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Жасырылған байлық: Лондонда Назарбаевтарға тиесілі бірнеше жылжымайтын мүлік табылды
Жасырылған байлық: Лондонда Назарбаевтарға тиесілі бірнеше жылжымайтын мүлік табылды
Ұлыбритания билігі Назарбаевтар отбасына тиесілі бірнеше мүлікті анықтады. Құны 50 миллион доллардан асатын баспаналар Лондоннан табылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Тhetimes басылымы жазды. Дерекке сүйенсек, Лондонда офшорлық компаниялар арқылы сатып алынған, бірақ негізінен Дариға Назарбаеваға тиесілі бір элиталы сарай мен 2 пәтер анықталған. Қаланың солтүстігінде орналасқан сәулетті сарай 9,3 миллион фунт тұрады. Ал Челси ауданында 31 миллион фунтқа бағаланған тағы 2 пәтер бар. Мүліктің бәрі дерлік Панамадағы Tropicana Assets Foundation және Villa Magna Foundation компанияларының атына тіркелген.
Ұлыбитанияда Нұрсұлтан Назарбаевтың қызынан бөлек, күйеу баласының да бірнеше мүлкі бар. 2007 жылы офшорлық компания арқылы ханзада Эндрюдің Беркширдегі сарайын 5 миллион фунтқа сатып алса, Гайд-парк маңында тағы 1,5 миллион фунтқа бағаланған жылжымайтын мүлікке ие.
Айта кетейік, 2020 жылы Назарбаевтар отбасына тиесілі қымбат үйлер Испания, Франция, Швейцария, АҚШ, Чехия, Ұлыбритания елдерінен де анықталған. Жылжымайтын мүлік құны сол кезде 785 миллион долларға бағаланған еді. Бұл мүліктің иесі ретінде тізімде Болат Назарбаев, оның жұбайы Майра Құрманғалиев, күйеу баласы Тимур Құлыбаев, құдасы Қайрат Боранбаевтың есімдері аталады.