- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Жат діни ағымды ақыл-санадан да, ауыл-қаладан да қуып шығуға міндеттіміз – депутат
Жат діни ағымды ақыл-санадан да, ауыл-қаладан да қуып шығуға міндеттіміз – депутат
Депутат Ермұрат Бапи жат діни ағымдарға қатысты бастаманы тағы да тілге тиек етті. Ол мәжіліс отырысында елде белең алған салафизм және уахабизм діни ағымдарын елден қуып шығу керек деді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Елдегі теріс исламдық салафиттік ағым ұлттық және мемлекеттік мүддемізге қатер төндіріп жатқаны жөнінде өткен аптада Мәжілісте депутаттық сауалдар жолданғанын білетін шығарсыздар. Бірақ бұл сауалдар еріккеннің ермегі емес, Қазақстан қоғамын, оның рухани ортасын барған сайын дендеп бара жатқан салафизм, арабизм дертінің алдын алудан туған жандармен азаматтық алаңдаушылықтың мүддесі еді. Біз мемлекеттің ұлттық тұстастығы мен халқымыздың дәстүрлі діни болашағын қатерге байлап бере алмаймыз. Біз ұлттық қадір-қасиетімізді сақтаймыз десек, елдің ішіне іріткі салған жат діни ағымды ақыл-санадан да, ауыл-қаладан да қуып шығуға міндеттіміз”, - деді депутат.