- Басты жаңалықтар
- Қылмыс
- Жауапкершіліктен құтылудың ең оңай жолы ма? Тұрғын танысын өлтіру үшін киллер жалдаған
Жауапкершіліктен құтылудың ең оңай жолы ма? Тұрғын танысын өлтіру үшін киллер жалдаған
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Астанада тұрғын танысын өлтіру үшін киллер жалдаған. Олар қылмысқа оқталу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы полиция хабарлады. Дерекке сүйенсек, екі күдікті, яғни тапсырыс беруші мен кісі өлтіруге тапсырыс алған адам Астана - Көкшетау тас жолында ұсталған. Әлгі тұрғын жұмсалған мүлік үшін жауапкершілік алғысы келмей, одан осы әдіспен жалтармақ болыпты.
"Тінту кезінде көліктің салонынан жауынгерлік тапанша мен 9 мм калибрлі 5 патрон табылды, сонымен қатар тапсырыс берушінің үйінен тағы басқа осыған ұқсас 34 оқ-дәрі тәркіленді", - деді Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Арғын Алтынбеков
Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.