Жахан мен Балжанның ажырасуына не себеп? Шындық айтылды
Әнші Балжан Бидаш пен актер Жахан Отарғалиев екі ай бұрын айырылысып тынды. Әнші бұған түрлі жағдайдың әсер еткенін айтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Балжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Онда әнші күйеуімен не себепті ажырасқанына тоқталған. Десе де ол соған қарамастан бұрынғы күйеуінің шығармашылығына табыс тілеген.
“Достар, сіздер шындықты білуге лайықсыздар, осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан "рас па, өтірік пе" деген ақпаратты “біз екі жаққа кеттік” деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін. Бұлай болғанына қарамастан Жаханның әр бастамасын, шығармашылығын қолдаймын! Ешкімнің ала жібін аттамайтын, қазақ киносынан өз орнын тапқан еңбекқор, қайсар жан”, – деді Балжан Бидаш.