Sunday, 8 September,2024

Жахан Отарғалиев халықтан 44 миллион 500 мың теңге жинап, үй алды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Танымал актер Жахан Отарғалиев халықтан 44 миллион 500 мың теңге жинап, мұқтаж жанға баспана алып берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Құрметті достар! Кезекті баспанамызға ақша жиналды. Қатты қуанып тұрмыз. Жақсылық жасап жарысайық! Адамға қуаныш сыйлау жүрекке тыныштық ұялатады екен. Қайырымдылық жасауды жалғастырамыз. Мына керемет эмоцияның демеушісі – сіздер. Біз 44 500 000 теңгені 3 күнде жинадық, сенесіз бе? Бұрын-соңды мұндайды көріп пе едіңіз?", – деді Жахан Отарғалиев.

Ұсынылатын