Monday, 25 November,2024

Жаз жемісі: Пәскен әрі дәмді қарбызды қалай дұрыс таңдау керек

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Жаз мезгілі басталысымен көптің көзі әр жеміс дүкеніндегі қарбызға көзі түседі. Тіпті асыға дәмін көруге ұмтылатын халық та көп. Осы орайда піскен әрі дәмді қарбызды қалай дұрыс таңдауға болатынын біле жүріңіз.

ИноСМИ порталындағы сараптамаға сүйенсек, ең дәмді және шырыны көп қарбыз ол аналықтары көрінеді. Мұндайда сабағына қарап ажыратамыз.

Құйрық сабағына мән бергенде мына белгілерді білген дұрыс. Яғни сабағы түзу болса онда бұл қарбыздар аталықтар. Оның ішінде дәнегі өте көп және сулы болады. Ал құйрық сабағы иілген және кеуіп қалған болса онда мұндай қарбыздар аналықтары екенін түсініңіз. Міне дәл осындай қарбыздардың дәмі ерекше. Өте тәтті және шырынды болып келеді.

Екінші әдіс – қарбыздың "кіндігіне" қарау. Ол неғұрлым үлкен болса, соғұрлым қабығы жұқа, дәмді болады деген сөз.

Үшінші амал – жидекті шертіп таңау. Ұнаған қарбызды алдымен екі рет шертіп көріңіз. Егер қатты дыбыс шықса, онда ішінде шырын мен жұмсақ жері көп деген сөз, ал керісінше болса, онда қарбыз піспеген немесе сулы.

Ұсынылатын