Saturday, 23 November,2024

“Жазаларыңды берсін”. Төрештің қарындасы ағасын айыптағандарды қарғады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Есірткімен ұсталып, 20 тәулікке қамалған Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина әлеуметтік желіде ағасын қорғап, жазба қалдырды. Онда ол әншіні қаралап, даттап жатқандарға жауап берген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Осы жолы үнсіз қалмаймын! Кімді өсектерлерін білмей отырғандарға таптырмас жағдай болыпты. Бәріңді Аллаға тапсырдым! Сүрінгенге жұдырық болған әрқайсының жазаларын осы өмірде берсін! Айтарым көп.Бүкіл әлем қарсы шықса да, мен туғанымды соңғы деміме дейін қолдаймын!”, - дейді Дина Төреәлі.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі маусымның 14-де полицейлерден қашып, қарсылық көрсеткен еді. Кейіннен оның есірткіге елітіп алғаны анықталды. Әншінің қарындасы  ағасын күштеп тоқтатып, қол-аяғын қайырған полицейлерге ашулы.

Видеода көрген өтірік геройлар туралы жазарым көп. Кім не десе де, аяқтан шалса да, ол біз үшін ең мықтысы. Алланың оған берген рухы мен мінезін тартып аласыздар ма? Қолдарыңнан басқа не келеді? Қазақтың басқа мәселесін шешу ма? Бұдан әрі қарай ашып дым айтпай-ақ қояйын! Қазақтың шырылдаған кішкентай 5 жасар қыздарын зорлап бостандықта шалқып жүрген педофилдерді солай ұстаңдар! Мықты болсаңдар! Тілімді қышытпай отырыңдар, - дейді әншінің қарындасы.

Ұсынылатын