Saturday, 23 November,2024

Жазушы Нұрсұлтан Назарбаев пен оның кенже қызын сотқа берді

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Жазушы Ержан Орымбетов Қазақстан экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның кенже қызы Әлия Назарбаеваны авторлық құқықты бұзды деп айыптады. Тіпті 50 миллион теңге талап етіп, сотқа арыз қалдырған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ержан Орымбетов Алматы қалалық сотына шағым түсірген. Халық үні дерегіне сүйенсек, бұған 2019 жылы жарыққа шыққан "Томирис" фильмі себеп болыпты.

Ол фильм желісі өзінің "Томирис" атты кітабына ұқсайтынын, 50 шақты тұсы көшіріп алынғанын айтады. Сондай-ақ, оның сөзінше, 2013 жылы фильм түсіру идеясын Назарбаев пен мәдениет министрлігіне ұсынған. Бірақ ол кезде фильм түсірілімі қолдау таппаған.

Орымбетов осыған дейін де плагиат туралы айтып, фильм түсірушілерді айыптаған еді. Мәдениет министрлігі мұны жоққа шығарған.

Ұсынылатын