Saturday, 23 November,2024

Жазушылыққа бет бұрған Қыдырәлі Болманов енді кино түсірмек

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Балалық шағы туралы кітап жазып жатқан әнші Қыдырәлі Болманов болашақта өзін кино саласында сынап көрмек. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Менің кітабым біреуге ақыл айтып, көсемси сөйлеп, жаманымды жасырып, жақсымды асырғанды насихаттамайды. Конькиді әкесінің пимасына сымтемірмен орап, тістеуікпен тартып тастайтын «хоккейші», «футбол алаңы» дегенді білмейтін, тастардан қақпа жасап, футболдан әлемдік «матч» өткізіп жіберетін, ауыл көлінен басқа бассейн дегенді білмеген балалық шағым туралы жазамын. Менің өмірде жіберген қатем басқаларына сабақ болсын деймін. Қазіргі тілмен айтсақ, бір грамм «мотивация» бергім келеді. Одан кейін көркем фильм түсіргім келеді. Ол енді – бөлек әңгіме, – деп жазды әнші. 

Ұсынылатын