Friday, 3 May,2024

Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан жігіт екі айға қамауға алынды

Uaqyt.info
Фото

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Нұрболат Дәкебаев соттың шешімімен екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қарағанды да жедел жәрдем жүргузішісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаев екі  айға қамалды

"28 қаңтарда сот сырттай Нұрболат Дәкебаевқа қатысты 2 айға қамау туралы бұлтартпас шарасын тағайындады. Ол үкімге қарсы шағым түсірген жоқ", – делінген сот ақпаратында.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қаңтарда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамның видеосы ғаламторда қызу талқыланған болатын. Қоғамдық резонанстан кейін күдіктіге іздеу жарияланды. Тек бірнеше күннен кейін ұсталған ол видеоүндеу жариялап, халықтан кешірім сұрады. Бірақ көпшілік оның жазаға тартылуын талап етіп отыр. Әзірге күдіктінің қандай жазаға тартылатыны белгісіз.

Ұсынылатын