Sunday, 24 November,2024

Жедел жәрдемге де жәрдем керек: Тозығы жеткен көлікке қатысты Басқарма пікір білдірді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қызылорда облысының Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентіндегі медициналық мекемеге тиесілі жедел жәрдем көлігінің видеосы қоғамда қызу талқыланды. Терезесі жоқ, есігі қасықпен ашылатын жедел-жәрдем көлігінің бейнежазбасын депутат Дәулет Мұқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Онда тозығы жеткен, терезесі жабылмайтын, есігі қасықпен ашылатын жедел жәрдем көлігінің сиқын көруге болады. Видео авторы бұл көліктің жағдайы қашан шешілетінін сұраған. Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының видеоға қаысты пікір білдірді.

“Бұл көліктер 2008, 2014 және 2017 жылдардан бастап халық игілігіне берілген. Әлеуметтік желіде тараған видеодағы жедел жәрдем емхана көліктерінің уақытша істен шығуына байланысты жұмыс тоқтап қалмау үшін берілген. Қазіргі таңда емхананың көліктері жөндеуден өтіп, өз қызметтерін жалғастыруда. Ауданның ауруханасына биыл үш санитарлық медициналық көлік қарастырылып, оның біреуі Сексеуіл медициналық ұйымына берілу жоспарланған. Алдағы уақытта бұл мәселе оңтайлы шешімін табатындығын жеткіземіз”, - дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ұсынылатын