- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Зейнетақымен жылына бір шетелде демалуға болады: Марченко кімді мазақ етіп жүр?
Зейнетақымен жылына бір шетелде демалуға болады: Марченко кімді мазақ етіп жүр?
Алмас Абылай
Фото
Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Григорий Марченко зейнетақы жайында тың жаңалық ашты. Сөзінше 25 жыл бойына жоғары жалақы алған қазақстандықтар қартайған шағында шетелде еркін демала алады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Марченконың маңызды үндеуін ЗТБ арнасы жариялады. Бейнежазбада бұрынғы Ұлттық банк басшысы зейнетақы жүйесіндегі ерекше жолды түсіндірген. Яғни сөзінше 25 жыл бойына ең жоғарғы жалақыны үздіксіз алған азаматтар, зейнет жасында 300-400 мың теңге ала алады.
Оған ортақ есептеу кезінде қосылатын тағы 100 мың теңге зейнетақы мөлшерін жарты миллионға жеткізеді. Нәтижесінде ондай зейнеткерлер қартайған шағында шетел аралап, еркін демала алады.
Бұл әңгіме еуропадағы зейнеткерлердің қарттықтарын қызықты өткізетініне байланысты туындаған. Марченко Қазақстанда да ондай қариялар жетерлік деп отыр.