- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Жеке басын анықтау мүмкін болмай жатыр: Әйел болып киінген ер адам үш банкті тонап кеткен
Жеке басын анықтау мүмкін болмай жатыр: Әйел болып киінген ер адам үш банкті тонап кеткен
Алмас Абылай
Фото ABC News
АҚШ-та әйел болып киінген ер адам үш банкті тонап кетті. Әзірге оның нақты жеке басын анықтау мүмкін болмай тұр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ABC News дерегіне сүйенсек, оқиға Техас штатында тіркелген. Ол банкке кіріп, кассирге қоқан-лоққы мәтініндегі жазбаны көрсетіп, оған қолма-қол ақша беруді талап еткен.
Қаржыны алған соң, бөлімшеден шығып, белгісіз бағытта қашып кеткен.
Полиция оның қара нәсілді ер адам екенін хабарлап отыр. Бірақ нақты жеке басын анықтай алмаған.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары бұл жағдайдан ешкімнің жарақат алып, зардап шекпегенін мәлімдеді.