Saturday, 23 November,2024

Жеке ұшақ, яхта: Қазақстандық байлардың құпиясы тарап кетті

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Ұлттық экономика министрлігі елдегі қанша адамның жеке яхтасы мен ұшағы бар екенін жариялады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Мәлімет "Ашық НҚА" порталында жарияланған Салық кодексі жобасына қатысты консультативтік құжатта келтірілген, Ондағы дерекке сүйенсек, қазақстандықтардың 490 жеке яхтасы мен 248 ұшағы бар.  

Яғни Қазақстанда яхталар мен жеке ұшақтар шектеулі адамдар меншігінде ғана бар екені анық жазылған.

Одан бөлек заңды тұлғалар атына рәсімделген яхта мен ұшақ та аз емес.

"490 яхта жеке тұлғаларға, 176-сы заңды тұлғаларға тиесілі. Ұшақтардың 248-і жеке тұлғаларға, 665-і заңды тұлғаларға тиесілі", - делінген Ұлттық экономика министрлігі жариялаған құжатта.

Ұсынылатын