Saturday, 5 October,2024

Жекеменшік мектептерде хиджап киюге бола ма? Министр жауап берді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жекеменшік мектерде хиджап кию мәселесіне қатысты жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Бізде бәрі заң бойынша регламенттеледі. Сондықтан ол жекеменшік бола ма, мемлекеттік мектеп бола ма, бәрі сол заңға бағынып, соның аясында орындалуы тиіс. Сіз қалай ойлайсыз, көпшілік болып қабылдаған заңды орындауға міндеттісіз бе? Барлық мектептер белгіленген заң аясында, белгіленген тәртіп бойынша ұйымдастырылуы керек. Жалпы бізде мониторинг деген бар. Әрбір өңірде білім сапасын қамтамасыз ететін департаменттер бар. Олар барлық өңірдегі сапаның қамтамасыз етілуін қадағалап отырады. Сол кісілерден бізге дабыл түсіп жатса, олар қарап, сол бойынша шешім қабылдайды", - деді Ғани Бейсембаев.

 

Ұсынылатын