Жексенбі тойланып келген Ұстаздар күні енді нақты бір датаға белгіленді
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Елімізде 5 қазан Ұстаздар күні деп белгіленді. Бұған дейін бұл мереке алғашқы жексенбімен аталып келген. Содан да болар нақты бір дата жоқ еді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді. Биылдан бастап елімізде Ұстаздар күні нақты бір датаға бекітіліп, мерекеленбек. Яғни Қазан айының 5-і.
Мереке Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілген.
Сонымен қатар дәл осы күні елордада Педагогтердің республикалық съезі өтпек. Оған еліміздің барлық аймағынан 700-ге жуық ұстаз қатысады. Кездесу алаңында педагогтер ең озық және халықаралық тәжірибелерін бөлісе алады.
Айта кетсек, бүгінде Қазақстанның білім беру саласында 500 мыңға жуық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогі жұмыс істейді.