- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Зеленский жарлыққа қол қойды: Украина енді 9 мамырды "Жеңіс күні" деп тойламайды
Зеленский жарлыққа қол қойды: Украина енді 9 мамырды "Жеңіс күні" деп тойламайды
Украина Президенті Владимир Зеленский 9 мамырдағы Жеңіс күнін қызыл күндерден сызып тастады. Енді бұл мереке 8 мамыр күні тойланады, бірақ басқаша атаумен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жаңа қабылданған жарлық бойынша енді 9 мамыр Украинада жұмыс күні. Десе де "Еуропа күні" деп те атап өту ұсынылған. Ал бұған дейін тойланып келген Жеңіс күні болса енді жоқ. Оның орнына халық 8 мамырды мерекелейді. Яғни бұл күн "1939-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыста нацизмді жеңген күн және еске алу күні" деп аталады.
Зеленский бұған дейін Жеңіс күнінің атауы мен уақытын өзгерту туралы ұсыныс жасағанда "әлемнің көптеген халқы 8 мамырды нацизмді жеңген күн ретінде еске алатынын, өйткені 8 мамырда вермахт сөзсіз капитуляция туралы қол қойған акт күшіне енгенін" айтқан. Азаттықтың жазуынша Украина Президенті "Бұл – жалпы Еуропа дәстүрі, Украина бұл күнді өркениетті елдермен бірге атап өтуге тиіс" деген болатын. Батыс Еуропа мен АҚШ гитлерлік Германияның жеңген күн ретінде 8 мамырды, ал постсоветтік елдер мен Шығыс Еуропаның кейбір елдері 9 мамырды белгілеген.