Saturday, 23 November,2024

Зеленский жемқорларды мемлекет сатқындарына теңеуді ұсынды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Украина президенті Владимир Зеленский сыбайлас жемқорлық әрекетіне қатаң жаза ұсынды. Яғни бюджетті қалтасына басқандарды мемлекет сатқындарымен теңестірмек, деп хабарлайды Uaqyt.info.

УНИАН-ның жазуынша, Владимир Зеленский Украина заң шығарушыларына сыбайлас жемқорлықты соғыс уақытында мемлекетке сатқындықпен теңестіруді ұсынған.

"Мен заңнамаға міндет қойдым, Украина заң шығарушыларына сыбайлас жемқорлықты соғыс уақытында сатқындыққа теңестіру бойынша ұсыныстарымды қарастыратын болады", - дейді ол өз ұсынысында.

Президент елде демократиялық қоғамды дамытып жатқанын, әрі мемлекеттің жарқын болашағы үшін осындай шешімдердің қабылданғаны оң нәтиже беретініне сенімді.

Ұсынылатын