Saturday, 23 November,2024

«Жеңіл жазамен құтылды». Қатыгездікпен қыз өлтірген экс-әкімнің баласына сот үкімі шықты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Түркістан облысында аса қатыгездікпен өлтірілген қыздың анасы сот үкімімен келіспейтінін жеткізді. Себебі 9-сынып оқушысы Аружан Орынбайдың өліміне кінәлілердің бірі 16 жылға сотталса, екіншісі бар болғаны бір жыл төрт айға бас бостандығы шектеліпті., деп хабарлайды Uaqyt.info.

КТК жазуынша, қызынан айырылған ана экс-шенеуніктің баласы әділ жазасын алған жоқ дейді.

“Бейбарыс деген баланың қатысы бар екен. Бұл жерде Төлеп деген баланың шығарып бергені болып отыр. Бірақ шығарып берген күнде де, өлім болып отыр ғой. Сот шешімімен келіспеймін. Қалай үй қамаққа жібереді? Төлеп деген бұрынғы әкімнің баласы. Жазасын алсын деймін. Кімнің баласы болса да, қандай баласы болса да, олардың балалары тірі. Ал менің қызым енді жоқ”, - деді марқұмы қыздың анасы Динара Зілғараева.

Қанды қылмыс биыл сәуір айында болған. Төрткүл ауылының 11-сынып оқушысы мен 19 жастағы ауылдасы Аружанның жартылай жалаңаш фотосын әлеуметтік желіге жариялаймыз деп миллион теңге бопсалаған.

Бірақ қыз ондай қомақты ақшасы жоқ екенін айтып, екеуінің қылмыстық әрекетін туыстарына жайып салмақшы болған. Осыдан кейін қос қаскөй 15 жастағы қызды тұншықтырып, кеудесінен екі мәрте пышақ ұрыпты.

Содан соң қыздың мәйітін өз үйінің артындағы арыққа ағызып жіберген. Өз кінәсін сол күйі мойындамаған 19 жастағы жігіт 16 жылға сотталды.

Ал қылмыстың қалай болғанын айтып берген бұрынғы әкімнің 17 жастағы ұлы бір жыл төрт айға сотталды. Сот шешімімен келіспеген Аружанның туыстары апелляцияға жүгінеміз деп отыр.

Ұсынылатын