Friday, 22 November,2024

Жеңістің 78 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне қанша теңгеден беріледі?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қарағанды облысы Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан ардагерлерге 1,5 миллион теңгеден өтемақы төлемек. Өңірде 14 ардагер қалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ҚазАқпарат хабарлауынша, біржолғы материалдық көмек соғыс ардагерлеріне теңестірілген басқа да санаттағы тұрғындарға көрсетіледі.

“Кәмелетке толмаған кезде концлагерьлердің тұтқыны болған 38 адамға 100 мың теңгеден беріледі. Ленинград блокадасы кезінде жұмыс істеген 11 қарағандылық 60 мың теңгеден алады. Көмек алушылар арасында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қаза тапқан 4138 тыл еңбеккері мен 161 жауынгердің жұбайы бар. Оларға 30 мың теңгеден беріледі», - деп хабарлады Қарағанды облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.

Биыл 1941-1945 жылдағы соғыстағы Жеңіске – 78 жыл.

Ұсынылатын