Friday, 22 November,2024

"Жер астындағы жасырын жиын". Зеленский соғыс басталғалы қандай жерде тұрып жатқанын көрсетті

Алмас Абылай
Фото strana.news

Украина Президенті Владимир Зеленский Киев қаласының қай көшесінде тұрып жатқанын көрсетті. Тіпті шағын бөлмеде жалғыз кереует пен массаж столы ғана бар, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Зеленскийдің Банковой көшесіндегі шағын жайын strana.news жазды. Онда журналист Дмитрий Комаровқа ол толық баспанасын таныстырған. Кішкентай бөлмеде бір адамдық кереует, массаж столы мен киімдер полкасы ғана бар.

Сонымен қатар Украина президенті соғыса байланысты жиындар мен талқылауларын жер астында өткізетінін де айтады.

Айта кетейік, Ресейдің Украина жеріне басып кіргеніне 432 күндей болды. Осы уақыт аралығында Бахмут, Маринка аймақтарында қақтығыстар қызып тұр.

Ұсынылатын