Жер сілкінгенде душқа түсіп жатқан әнші аяғын жарақаттап алды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Танымал әнші әрі композитор Қуаныш Құрманбаев жер сілкінісі кезінде жарақаттанып қалғанын айтты. Бұл туралы әншінің әйелі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Жер сілкінгенде кім қайда болды дегенде не деп айтамын. Күнде таңертең душқа түсетін әдетім еді. Балаларды бірінші ойлайтын әдетіміз ғой. Миым сан саққа жүгірді. Кім қайда?! Жүрегім 6-ға бөлінді. Балаларды жан-жақтан жинап, енді жер үйімізге кеттік. Қайта-қайта сілкініп, не белгі болды екен?!. Бұл жолы тіпті басқаша сілкінді. Енді анық көшеміз-ау. Жер сілкінісінен Қуаныш жарақаттанып қалды. Жай ауыртып алған шығар десек, болмады. Аяғын шығарып алыпты. Аяқ сүйегі жарылыпты, дәрігер Айболит болдық", – деп жазды өнер иесі.