Saturday, 23 November,2024

Жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқандарды қандай жаза күтіп тұр?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматы қалалық полиция департаменті жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқандарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Жалған мәліметтерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. ҚР Қылмыстық кодекстің "Көрінеу жалған ақпарат тарату" 274-бабы, "Бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет" 2-бөлігі бойынша 3 мың АЕК (11 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады.Сонымен қатар үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады”, - делінген хабарламада.

Ұсынылатын