- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Жермен-жексен болған Алматы: 136 жыл бұрын 9 маусымда ең ірі зілзала қаланы қақ жарған еді
Жермен-жексен болған Алматы: 136 жыл бұрын 9 маусымда ең ірі зілзала қаланы қақ жарған еді
Алматыдағы ең ірі жер сілкінісі қаланы қақ айырып, қаншама халықты жақынынан айырды десеңізші. Зілзала 1887 жылы дәл осы 9 маусым күні тіркелген еді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
139 жыл бұрын Алматыны жермен-жексен еткен жер сілкінісі туралы ЗТБ арнасы жазды. Дерекке сүйенсек, 1887 жылы 9 маусым күні таңғы сағат 4:30-да 5 баллдық зілзала халықты ұйқыдан оятқан. Алғашында шошып қалған жұртты араға 5 минут салып қайталанған зілзала тіпті тығырыққа тіреді. Сағат 4:35-те 7,3 баллдық жер тербелісі болды. 2 минутқа созылған табиғи апат қаладағы ғимараттарды күл талқан етті. Тұрғындар барынша қашуға тырысқанымен апаттан қайтыс болғандар қатары аз болмады.
Сол жылдардағы дерекке сүйенсек, Алматыда 30 мыңға жуық халық тұрған. Жер сілкінісі кезінде 322 адам көз жұмыпты. Олардың 118-і бала. 2 792 үй қирап қалды.
Бүгінде сейсмологтар Алматы қаласы тектоникалық қауіпті аймақта орналасқанын жиі айтады. Әрі дәл сондай қауіпті зілзаланың қайталануы әп-сәтте екенін де ескертіп жүр. Сол себепті биік ғимараттар мен тұрғын үйлер салуға кеңес берілмейді. Әрі жергілікті жұртқа ең қажет заттарды бір сөмкеге салып, қашанда дайын жүру керегін ұмытпау керегін ұсынған.