Saturday, 23 November,2024

Жертөледен мәйіті табылды: Жоғалған шымкенттік қызды туған жездесі өлтірген болуы мүмкін

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Із-түссіз жоғалып кетіп, бірнеше күн іздеуде болған 18 жастағы қыздың мәйіті жертөледен табылды. Оның жездесі кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Еске салайық, 5 тамыз күні Әл-Фараби АПБ-ға жас қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түскен болатын. Ағасының айтуынша, 2004 жылғы студент 4 тамыз күні үйден белгісіз бағытқа шығып қайта оралмаған.

Түркістан облысының тумасы оқуына байланысты уақытша әпкесінің үйінде тұрған.

Жедел-іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы ПД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. БАҚ-та және әлеуметтік желіде 18 жастағы қыздың іс-түссіз жоғалғаны туралы хабарландыру таратылды.

Үш күн бойы үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже берген жоқ.

8 тамыз түнгі сағат 01:30 шамасында Әл-Фараби АПБ-ға туыстары үйдің жертөлесінен жоғалған қыздың өлі денесін тапқаны туралы хабарлады. 

Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы жертөледен төсек жаймасына оралған, денесінде зорлық белгілері бар мүрдені анықтады.

Бойжеткенді туған жездесі өлтірді деген күдікке ілінді.

ҚР ҚК 99-бабы “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті УҰИ-ға қамалды.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

 

 

 

Ұсынылатын