Жеті жылдан бері түрмеде отырған Каддафидің ұлы аштық жариялады
Ливия мемлекетін 42 жыл бойы басқарған Муаммар Каддафидің бесінші ұлы аштық жариялады. Ол 2015 жылдан бері түрмеде отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ливия диктаторы Муаммар Каддафидің ұлы Ганнибал Каддафи аштық жариялаған. Себеп өзін еш сот үкімінсіз қамауға алуы.
Каддафидің ұлы 2015 жылдан бері Ливия түрмесінде қамауда. Алғаш 2011 жылы әкелері көтеріс кезінде қайтыс болғаннан кейін, ол да күдікке ілінді. Артынша Сирия сарбаздары оны ұрлып алып кетіп, біраз уақыт қамап ұстады. Кейін Ливия құзырлы органдары оны мемлекетке қайтарып, еш тергеусіз, сот үкімінсіз қамауға жапты. Содан бері 7 жылдан аса уақыт өткен.
Енді Ганнибалдың қорғаушысы оның аштық жариялағанын хабарлап отыр.
Айта кетейік, дикатор Муаммар Каддафидің ұлы Ганнибалды көпшілік әкесіне ұқсатады. Оның қатігездігі мен мінез-құлқы тура сол іспетті. Тіпті қатігездігі үшін ол талай көзге түскен.
Дей тұрғанымен аштық жариялаған президент ұлы дәл осы әрекетімен билік назарын аударуды көздеген.