Saturday, 23 November,2024

Жетібай кен орнындағы жарылыстан бір адам қаза тапты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Жетібай кен орнындағы дәнекерлеу жұмыстары кезінде жарылыс болып, соның салдарынан бір жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы mangystaumedia.kz жазды. Алдын ала деректер бойынша «Жетібаймұнайгаз» ӨБ № 5613/28 ұңғымасында «Великая Стена» БК ЖШС (ХДЕС-56 бригадасы) монтаждау жұмыстарын жүргізді, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болды.

Газбен дәнекерлеуші, ҚР азаматы, оқиға орнында қайтыс болды. Ол бұрғылау қондырғысының шебері, ҚХР азаматы, басынан жарақат алып, ауылдық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына жедел түрде Маңғыстау ауданының полиция қызметкерлері келді. Жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.

Сондай-ақ, «Великая Стена» БК ЖШС тарапынан жазатайым оқиға туралы жедел түрде Маңғыстау облысының Еңбек басқармасына, осы жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізу үшін Маңғыстау облысының индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаментіне хабарлама жіберілді.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының Еңбек Басқармасы басшылық ететін комиссия құрылуда. Жазатайым оқиғаны тергеуді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы жеке бақылауға алды, тергеу белгіленген мерзімде жүргізіліп, кінәлі адамдар ҚР заңнамасына сәйкес жазаланады. Жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Ұсынылатын