Жетісу облысында 45 жастағы әйел жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Uaqyt.info
Фото Polisia.kz
Жол-көлік оқиғасы 5 қазанға қараған түні Көксу ауданында болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz жазуынша, Алматы - Өскемен тас жолында Mazda көлігін тізгіндеген 45 жастағы әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Оқиға орнында 53 жастағы ер адам қайтыс болды.
Қазір көлік арнайы автотұраққа қойылды. Жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.