Saturday, 23 November,2024

Жетісу облысында 8 жастағы бала бесінші қабаттан секіріп кетті

Uaqyt.info
Фото

Жетісу облысындағы Текелі қаласында 2015 жылы туған бала көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс жағдай 25 сәуірде болған. 8 жастағы бала полиэтилен пакетін парашют етіп ойнап жүріп, көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті. Құдай сақтағанда, ол аман қалды.

"Үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2015 жылы туған бала полиэтилен пакетін парашют ретінде пайдаланып, бесінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, Талдықорған қаласының облыстық ауруханасына арқасы көгерген, кішкентай жарықшақ диагнозымен жатқызылды", - делінген хабарламада.

Ұсынылатын