Sunday, 24 November,2024

Жетісу облысында әкім 12 жастағы оқушыны өлтіріп қойды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Кербұлақ ауданына қарасты Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова оқушыны көлігімен қағып кетті. Алған жарақаттан 12 жастағы бала тіл тартпай кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 2 қарашада Ескелді ауданындағы Биғаш ауылының тас жолында болған. 39 жастағы әкім мектеп оқушысы Асыл Тұрсынбайды көлігімен қағып өлтірді. Қазіргі уақытта тәртіп саұшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

“2 қарашада Hyundai Creta дөңгелектері 12 жастағы баланы қағып, өлтірді. Көлікті 39 жастағы әйел басқарғаны анықталды. Көлік арнайы автотұраққа орналастырылды. Қазір ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен ҚР ҚК 345-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр”, - делінген ақпаратта.

Ұсынылатын