Жетісу облысында бір ауылдың төрт көшесін су шайып кетті
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Жетісу облысында бір ауылдың төрт көшесін су басып қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Облыстық ТЖД хабарлауынша, су басқан ауылдан тұрғындар ішінара эвакуацияланған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында құтықарушылар жұмыс жүргізіп жатыр.
«Бүгін, 12 тамызда Жетісу облысының Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында қатты жауған жауын-шашын салдарынан елді мекеннің төрт көшесінің аула аумағын су басып, еңіс ағыны орын алды», - делінген ақпаратта.