Жетісу облысында із-түссіз кеткен 15 жастағы қыз іздестіріліп жатыр
Жетісу облысының Панфилов ауданындағы Әулиеағаш ауылының тұрғыны Ербосын Айзере Қанатбайқызы екі күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Хабар-ошарсыз кеткен 15 жастағы Айзеренің қайда кеткені әзірге белгісіз. Ол 4 маусымда үйінен белгісіз бағытта шығып, қайта оралмаған. ІІМ мәліметінше, мектеп оқушысы қара жемпір, қара джинсы және ақ кроссовка киген.
Жасөспірімнің белгілері: орташа денелі, көзінің түсі қоңыр, шашы қара, ұзын, иықтан төмен.
«Кәмелетке толмаған қыз баланың жүрген жері, қайда екендігі немесе қызға қатысты басқа да мәліметтер туралы білетіндердің барлығын облыс полициясына +7 705 519 1021, 707 786 4630, 771 492 1007 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауларыңызды сұраймыз», - деп жазды ведомстводан.