Friday, 22 November,2024

Жетісу облысында кәсіпкерді қорқытып, ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Алмас Абылай
Фото POLISIA.KZ

Жетісу облысында кәсіпкерді қорқытып, ақша бопсалаған қылмыстық топты Жаркент қаласында ұстады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады. Дерекке сүйенсек, 3 адамнан тұратын қылмыстық топ жергілікті кәсіпкерден 15 мың қытай юаньын талап еткен. Олардың бірі - Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі - Алматы облысынан, үшіншісі - Жетісу облысының тұрғыны. Жәбірленуші оларға  ақша беру кезінде ұсталды.

"Олардың біреуінен 9 мм калибрлі 13 патроны бар тапанша (сигналдық) табылып, тәркіленді. Аталған факт бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 194-бабына сәйкес "Қорқытып алу" жүргізіледі. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген полиция хабарламасында.

Ұсынылатын