Жетісу облысында кішкентай баланы зорлаған мұғалімге іздеу жарияланды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Жетісу облысында кішкентай баланы зорлады деп күдікке ілінген ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, балаға зорлық көрсеткен ер адам Сарқандағы мектептердің бірінде мұғалім екен.
“Іздеуде!
Жоғары да көрсетілген азамат аса ауыр санаттағы қылмыстық құқықбұзушылық бойынша іздестірілуде!
Қандай да бір мәліметтер білген жағдайда Жетісу облысы ПД Сарқан АПБ Кезекші бөліміне 8(72839)2-15-30 , 87719787614 телефон нөмірлері арқылы дереу хабарласуларыңызды сұраймыз”, - делінген ақпаратта.