Saturday, 23 November,2024

Жетісу облысында көлік тізгіндеген 15 жастағы бала көшеде жасөспірімді қағып өлтірді

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Жетісу облысы Сарқан қаласында жантүршігерлік жағдай. 15 жастағы бала көлік тізгінінде адам қағып өлтірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оқиға бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Видеода жүйткіген көліктің көшені жүгіріп өтпек болған бүлдіршінді басып өткенін байқайсыз.

Кейіннен бұл жағдай бойынша облыстық полиция департаменті пікір білдірді. Дерекке сүйенсек, қайғылы оқиға 23 сәуірде болған.

"Honda Odyssey көлігінің жүргізушісі төрт жасар баланы қағып кеткен, бүлдіршін аудандық ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Анықталғандай, көлікті 15 жастағы мектеп оқушысы басқарған", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, полиция қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қажетті сараптамалар тағайындап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Ұсынылатын