Sunday, 8 December,2024

Жетісу облысында мас жүргізушіге полицейлер қару қолданды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Жетісу облысында патрульдік полицейлер мас жүргізуші басқарған көлікті қарудан оқ атып тоқтатты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz хабарлауынша, аталған факт Текелі қаласында тіркелді. 3 маусымда облыстық батальонның патрульшілері Mitsubishi Delica автокөлігін ұстады. Жапондық шетелдік көлікті мас күйінде 24 жастағы ер адам басқарған.

Көлік жүргізушісі тоқтау талабына бағынбай, үлкен жылдамдықпен жасырынуға тырысты. Полицейлер ауыр зардаптарға жол бермеу үшін қару-жарақ қолданып, табельдік Макаров тапаншасынан оқ атып, құқық бұзушыны тоқтатуға мәжбүр етті.

Ұсталған адам мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының заңды талабына бағынбағаны үшін жауапқа тартылады.

Ұсынылатын